2019 жылғы 02 қыркүйек күні Облыстық туберкулезге қарсы диспансер басшылығы мекеменің "Сенім" кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, емдеу орнында ұзақ жыл еңбек еткен байырғы мейірбике Оразова Бәтима Төлесбайқызын 60 жас мерейтойымен құттықтады.
Мерейтой иесіне мекеме басшысы Қ.Титанов пен кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Жұманиязова зор денсаулық, қажымас қайрат тілеп, еңселі еңбегі үшін гүл шоғы мен бағалы сыйлық табыс етті.
Еңбегінің зейнетін көріп отырған мейірбике Б.Оразова мекеме басшылығына өз алғысын білдірді.