Мақсаты
Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығының мақсаты : облыстағы туберкулез індетін жою.
Міндеттері:
1) Облыстың туберкулезге қарсы және басқа да медициналық ұйымдарына, оның ішінде БМСК желілері мен ӘМ, БМ, ІІМ ведомстволарының ұйымдарына туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмектер көрсету;
2) Зерттеудің стандартты, сондай-ақ қосымша әдістерін (құралдар арқылы, радиологиялық және т.б.) қолдану арқылы туберкулезге диагностика жасау;
3) Туберкулездің таралған және асқынған түрімен, сонымен бірге өкпеден тыс және дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын ересектер мен балаларды, жасөспірімдерді емдеу;
4) «Қауіпті» топтағы тұлғалар тізбесіне орай туберкулезге міндетті түрде тексерілуге тиіс адамдарды Бұйрыққа сәйкес жыл сайын туберкулиндік Манту сынамасын жасау және бактериологиялық зерттеу арқылы дифференциалды флюорографиялық тексеру өткізуді жоспарлау;
5) Жаңа туылған нәрестелерге БЦЖ екпесін жасалуы барысын қадағалау;
6) Туберкулездің адамға жануарлардан жұғуын алдын алу мақсатында ветеринарлык қызмет көрсету ұйымдарымен біргелікте іс-шаралар жүргізу;
7) Облыс деңгейіндегі стандартты индикаторлар негізінде туберкулезге қарсы іс-шараларды орындау;
8) Облыстағы туберкулез науқастарын есепке алу және оларды қаадағалау;
9) Есеп беру нысандарына сәйкес есеп;
10) Туберкулезді емдеу, оның алын алу үшін туберкулезге қарсы препараттардың қажеттіілігін анықтау және олардың туберкулезге қарсы ұйымдар мен БМСК желілеріндегі шығынына, сақталуынабақылау жасау;
11) Науқастарды демеу фазасында емделу үшін туберкулезге қарсы шипажайларға, сонымен қатар балаларды санаторлық типтегі мектепке дейінгі және мектеп интернатына жіберу;
12) стандартты индикаторлар негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралар монтиорингі және бағалау, тәжірибелік көмек көрсету;
13) Науқастардың жұмысқа қабілетсіздігіне сараптама жасау іс-шараларын жүргізу және оларды медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына жіберу;
14) Әлеуметтік көмек көрсетілуге тиісті науқастарды іріктеу;
15) Туберкулезді емдеу, адын алу және диагностикалау мәселелері бойынша дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің уақытылы біліктілігін арттыру;
16) Туберкулезді емдеу, адын алу және диагностикалаудың заманауи әдістерін тәжірибеге енгізу;
17) Семинарлар мен конференцияларға, съездерге, кеңестерге қатысу;
18) Өзекті мәселелерді жергілікті атқару органдарына жеткізу;
19) Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.