Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы емдеу мекемесінің жалпы сыйымдылығы 200 төсек-орынды құрайды. Оның 100 төсек-орны туберкулез науқастарды емдеуге, 100 төсек-орны елімізде орын алып жатырған пандемиялық ахуалға байланысты Covid-19 инфекциясын жұқтырғандарға берілді. Ағымдағы жылдың он айының қорытындысы бойынша стационарға 222 адам жатқызылып, оның 204 науқас емін алып, ойдағыдай аяқтап шықты. Оның ішінде-15-і балалар мен жасөспірімдер.