12 мамыр күні "Талисман" мейрамханасында ұжым медбикелерін кəсіби мереке - халықаралық медбике күнімен құттықтау кеші өткізілді. Ұжым медбикелерін директор орынбасарлары И.Кадралиев, Қ.Киркимова жəне де кәсіподақ төрайымы А. Жуманиязова құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Кеште бөлімшелер аралық медбикелер сайысы ұйымдастырылды. Сайыста танысу, тематикалық торт пісіру үй тапсырмасы, музыкалық жарыс бөлімдері болды. Сайыс қорытындысымен жүлделер табысталды; 1 орынға ақшалай сыйлық және кәсіподақ атынан шипажайға 50% жеңілдікпен жолдама, екінші және үшінші орындарға да ақшалай сыйлықтар берілді.
Бұдан басқа мекеменің біршама медбикелеріне Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының, мекеме басшысының және кәсіподақ атынан " Алғыс хат" табысталды.