Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы" ШЖҚ МКК
Маңғыстау обл., Актау қ., 1 ш/а, Медгородок.
Телефон: 8 (7292) 50-46-45
E-mail aktau_optd@mail.ru 

Орталық туралы

24.11.2021

Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы – облыстағы туберкулезге қарсы қызметті үйлестіруші, медициналық ұйымдар мен тұрғындарға туберкулезге қарсы тәжірибелік және кеңес беру медициналық көмек беретін, ұйымдастыру-әдістемелік, мамандандырылған диагностикалық және емдеу -алдын алу денсаулық сақтау ұйымдарының бірі болып табылады.

Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы –  (МОФО) ауруханалар қалашығындағы 1-шағынауданда орналасқан. Ол алғаш рет 1973 жылы Жаңаөзен туберкулез диспансері базасында ұйымдастырылып, 3 үш бөлімнен тұрды: терапевтік, балалар және рентгендік-диагностикалық бөлімдер. 1992 жылы Облыстық туберкулезге қарсы диспансер ретінде Ақтау қаласына көшірілді. 2021 жылдың 28 сәуірінен бастап Жанаөзен қалалық ауданаралық туберкулез ауруханасымен бірігу арқылы   Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы қалыптасты. МОФО облыс тұрғындарына мамандандырылған туберкулезге қарсы көмек көрсетеді.

Қазіргі таңдағы  «Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы " МКҚК құрылымы:

I. 200 төсек-орынды стационар бөлімі, оның:

- бактерия бөлетін  ауқымды дәріге төзімді 30 төсек-орынды №1 өкпе емдеу бөлімі;

- бактерия бөлметін көп   дәріге төзімді 50 төсек-орынды №2 өкпе емдеу бөлімі;

- бактерия бөлмейтін көп   дәріге төзімді 40 төсек-орынды №3 өкпе емдеу бөлімі;

- 35 төсек-орынды № 4 балалар мен жасөспірімдерді емдеу бөлімі, оның  15 орын көп   дәріге төзімді науқастары №1 өкпе емдеу бөлімінің құрамында;

- сезімтальдығы сақталған туберкулез формасын емдеуге арналған 35 төсек-орынды №5 өкпе емдеу бөлімі.

II. Қосымша қызметтер мен  кабинеттер:

Рентгендік бөлім: 2 стационарлық рентгендік-диагностикалық кешен және 2 жылжымалы флюороқондырғы;

Зертхана бөлімі: Бактериоскопиялық, бактериологиялық және клиникалық зертхана;

Бронхоскопиялық зертхана;

Физиотерапевтік  кабинет;

Ультрадыбыстық диагностика кабинеті (УЗИ);

Дәрі-дәрмектер қоймасы;

Стоматологиялық кабинет.

III. Әкімшілік-шаруашылық бөлім:

Әкімшілік;

Есеп бөлімі;

Асүй (ас дайындау блогы);

Күзет және автокөлік қызметі.

Дәрігерлер құрамы 20 маман дәрігерден құралған, олардың 13-і –  білікті дәрігерлер. Орта медициналық қызметкерлер саны – 90, олардың 70-і - білікті мамандар. Барлық дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің маман сертификаттары бар және ҚР дипломнан кейінгі білім алу мекемелерінде уақытылы кәсіби біліктілігін арттырып отырады.

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте