2019 жылдың 26 тамызы күні Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде "Мектепке жол" акциясы өткізілді. Акция аясында балалары алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа баратын 7 қызметкерге "Сенім" кәсіподақ ұйымы тарапынан көмек көрсетілді: 5 балаға спорттық костюм мен кроссовка аяқ-киімі, 2 балаға өз қалаулары бойынша әрқайсысына 10 000 (он мың) теңгеден сыйлық берілді. Мекеме басшысы қызметкерлерді құттықтап, балаларына зор денсаулық, озат үлгерім тіледі.
Сондай-ақ, мекеменің "Сенім" кәсіподақ ұйымының төрайымы А.К.Жұманиязова ұйымның бір жылдық есебін беріп, атқарған жұмыстарын баяндады. Мекеменің кәсіподақ мүшелері ұйым жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта да осылай қарқынды жұмыс істеулеріне тілек білдірді.