Басты мақсаты туберкулезді емдеудің жаңа режимдерін енгізуде техникалық қолдау көрсететін АҚШ-тың USAID Халықаралық ұйымының "Cellenge TB" жобасы аясында облыстың БМСК ұйымдары үшін 3 дана 2 модульді "Jene -Xpèrt" аппараттары келіп түскен болатын.
2019 жылғы 04-06 қыркүйек күндері Жаһандық қор жобасын жүзеге асыру тобының Jene Xpert бойынша маманы Л.Т.Чингизова қызметтік сапармен келіп, аппараттарды Маңғыстау мен Бейнеу аудандарының және Жаңаөзендегі ЖГП-3 мекемесінің туберкулезге қарсы бөлімшелеріне орнатты.
Қондырылған құрылғылар туберкулезді шұғыл түрде анықтауға қол жеткізеді.