Елде БЦЖ вакцинасының болмауына байланысты және халық арасында түсініспеушіліктің алдын алу мақсатында Өңірлік байланыс қызметінде 20- қыркүйекте брифинг ұйымдастырылды. Брифингке өзге де мамандармен бірге фтизиопедиатр Қарашаш Сарыевна Заркулова қатысып, ағымдағы жылдың сегіз айы қорытындысы бойынша облыста аса қауіпті инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін және соңғы он жыл ішінде өңірдегі туберкулезбен сырқаттанушылықтың 75,4%-ға төмендегенін атап өтті. Қатысқан мамандар туберкулез ауруының алдын алуда және оны болдырмау мақсатында есепте тұрған босанғанға дейінгі кезеңдегі жүкті әйелдер арасында және перинаталдық орталықтарда босанып, оларды үйге шығарар кезде отбасының барлық мүшелерін туберкулезге тексеруге анықтама беру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.