Соңғы үш жылда республикада аурушаңдықтың төмендеу қарқыны 25,9%, ал облыста
- 13,6% құраса, туберкулезден өлім-жітім төмендеуі республикада 20,8%, облыста
- 50,0% құрады.
2020 жылдың қорытындысымен облыста аурушаңдық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 46,0 құрап 11,8% -ға төмендеді, өлім-жітім көрсеткіші 45,0% -ға төмендеп 100 мың тұрғынға шаққанда 1,1-ге құрады. Жас құрылымына сәйкес барлық жастағы адамдар арасында аурушаңдық деңгейінің төмендеуі байқалады, балалар арасында 2019 жылмен салыстырғанда 26,4% -ға төмендеу байқалады.
Аймақта туберкулезге қарсы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде:
- облыста тездетілген зертханалық диагностика әдістері уақытылы және үздіксіз қолданылады (HAIN микробиологиялық анализаторы, «BAKTEK MGIT-960» , «GENE XPERT» аппараттары). 2020 жылы «BAKTEK MGIT-960» аппараты жұмысы үшін 57 568 765,6 тенгеге қажетті материалдар, «Gene-Xpert» аппаратына 16 797 920 теңгеге картридждер сатып алынды;
- облыста туберкулезді емдеудің жаңа схемасы өз уақытылы енгізілуде. Емдеуден бұрын барлық науқастарға дәріге сезімталдығын тексеру үшін тест жүргізіліп, соның нәтижесінде ОДКК(ЦВКК) шешімімен емдеудің жеке тиімді схемасы тағайындалады, туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектермен толықтай қамтамасыз етілуде;
- заманауи сандық технология кең қолдануда, 2018 жылдың қазан айынан бастап бейне бақылаулы ем (ВНЛ) әдісі енгізілді, 2020 жыл бойы 230 науқас осы әдіс арқылы емделді. Телемедицинаны қолдану арқылы ОДКК(ЦВКК) отырыстары, аудандарға кеңес беру т.б.;
- БМСК мекемелерін фтизиатр мамандарымен қамту- 85,6%, фтизиопедиатрлармен қамту – 86,6%-ды құрады. Мамандар уақытылы біліктілікті арттыру курстарында, мастер-класс, семинар-тренингтерде оқытылады;
- туберкулезге қарсы ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдануда. ОТҚД ересектерді емдеуге арналған ғимаратта жұқпалы науқастарды емдеуге арналған бокстық және жартылай боксті палаталарды ұйымдастыру бойынша жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілді, Жаңаөзен ауданаралық туберкулез ауруханасында да жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілді, ОТҚД зертханасы орналасқан ғимаратқа және де тамақтандыру бөлімшесінің ғимаратына ағымдағы жөндеу, облыстық «Тұщыбек» туберкулезге қарсы шипажайына күделі жөндеуден жұмыстары аяқталды;