Клиника-диагностикалық және бактероиологиялық зертхана
Зертхана меңгерушісі: Герасимова Светлана Валентиновна.
Зертхана бөлімі телефоны: 8 (7292) 50 58 66
Зертханада БК-ға микроскопиялық және өсінділік зерттеулер жүргізеді. Туберкулезге микробиологиялық диагностика жасауда 2 негізгі әдіс қолданылады:
- қақырық жағындысына микроскопия;
- қақырықты бактериологиялық зерттеу.
Микробиологиялық әдіспен зерттеудің маңызы:
- туберкулезді дер кезінде анықтау үшін тиімдірек;
- туберкулез диагнозын қою үшін тиімдірек;
- клиникалық дамуын қадағалауға және жасалған емнің тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді;
- емделушінің бацилла бөлушілік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді;
- жұғушылығын анықтайды.
Зертхана:
- Жалпы клиникалық зертханалық зерттеулер: қанның, қақырықтың, несептің клиникалық анализін;
- Гемостаз жүйелерінің зерттеулерін ( қанның ағу уақытын, протромбиндік индекс анықтауға);
- Биохимиялық анализ (билирубин мен қант мөлшерін анықтау, қан сарысуындағы аминатрансфораз);
- Қақырыққа, плевралды сұйықтыққа, бронхиалды лаважды сұйықтыққа цитологиялық зерттеулер. Су-тұз теңгерімін зерттеу;
- Зертхана гематологиялық және биохимиялық анализаторлармен, заманауи микроскоптармен жабдықталған.
Диспансердің клиникалық зертханасында туберкулездің микробиологиялық диагносткасының заманауи әдістері қолданылады:
1) Туберкулезге микробиологиялық диагностика жасаудың және туберкулезге қарсы препараттарға МБТ сезімталдығын анықтаудың жеделдетілген әдісі (BAKTEK) – микобактерия детекциясы мен олардың дәріге сезімталдығын анықтау үшін толықтай автоматтандырылған жүйе:
- Дұрыс және сенімді нәтиже;
- Жоғары сезімталды флуоресцентті технология;
- Қолдануға оңай және ыңғайлы;
- Бактериологиялық зерттеу стандартизациясы;
- Дәрілік сезімталдыққа автоматты интерпретация нәтижесі;
- 1 және 2-қатарлы препараттарға дәрілік сезімталдықты анықтау мүмкіндігі;
- Бірден 960 үлгіні зерттеу (жылына 8000 сынақ);
- Қызметкерлердің жұмыс кезінде жоғары деңгейдегі қауіпсіздігі;
- Мәліметтерді компьютерлік базаға және зерттеу ақпараттық жүйесіне енгізудің мүмкіндігі.
2) Туберкулезді молекулярлы-генетикалық диагностикалау әдісі (Gene- Xpert).
Xpert MTB/RIF сынағының тиімділігі:
- жұмыстың қарапайымдылығы;
- жоғары сезімталдық және ерекшелік, әдістеменің маңыздылығы;
- ДНК экстракциясы, амплификация мен детекциясы ластанбау үшін автоматты жабық катриджде жүзеге асырылады;
- Туберкулез ауруының бар екенін және рифампицинге (rifampin) сезімталдығын 2 сағатқа жетпей анықтайды;
- Нәтижелер компьютерде сақталады және анализ үшін тиімді.