Сәулелік диагностика бөлімі
Бөлім меңгерушісі Девятникова Любовь Васильевна.
Бөлім телефоны: 8 (7292) 503660
Заманауи рентгенологиялық жабдықтармен жабдықталған бөлімде диагностикалық рентгендік тексерулер жүргізіледі. Қазіргі таңда туберкулез диагностикасы үшін рентгенологиялық әдіс – физикалды және зертханалық әдістер сияқты ең тиімді, ең ақпаратты әдіс болып табылады. Ең маңыздысы, туберкулез диагнозы науқасқа дұрыс жүргізілген рентгендік зерттеу нәтижесінде қойылады. Соңғы жылдары өкпе туберкулезі диагностикасында томография үлкен рөл атқарады. Бұл әдіс өкпе ткані қуыстары мен ошақтарының локализациясын, сондай-ақ өкпе тамырының жағдайын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Сәулелік терапия бөлімі рентгендік, флюорографиялық және ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жабдықталған.
Рентгендік диагностика бөлімінде тексерудің төмендегідей түрлері жүргізіледі:
1. кеуде клеткасы органдарының рентгенографиясы;
2. кеуде клеткасы органдарының рентгеноскопиясы;
3. сүйек-буын жүйелерін рентгендік зерттеу, спондилография, өкпе тотмографиясы;
4. контрастпен сальпинография;
5. контрастпен фистулография;
6. контрастымен несеп-жыныс жүйелерінің урографиясы;
Ультрадыбыстық зерттеу бөлімінде:
1. қалқанша безі, сүт безі, жоғарғы лимфа түйініне, ішкі қуыстарға (ұйқы безі, бауыр, қуық, көкбауыр) ультрадыбыстық диагностика;
2. Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу;
3. Кеуде клеткасы органдарына ультрадыбыстық зерттеу (плевра қуысы);
4. Эхокардиография;
5. Әйелдердің кіші жамбас органдары мен ерлердің қуықасты безін зерттеу;
Функционалды диагностика кабинетінде:
1. ЭКГ
2. Спирометрия
3. Артериалдық қан қысымына тәуліктік мониторинг
Эндоскопия кабинетінде:
1. Фибробронхоскопия
2. Фиброгастродуоденоскопия
3. эндотрахеалды құю
Физиотерапия кабинетінде
1. УВЧ терапия
2. ингаляция
3. ультразвук
4. электрофорез.