Балалар-жасөспірімдер бөлімі
Бөлім меңгерушісі - Заркулова Карашаш Сариевна, жоғары санатты дәрігер.
Бөлім телефоны: 8 (7292) 504185
Бөлім 50 төсек-орынға шақталған бұл бөлім өкпе туберкулездің белсенді түрімен және өкпеден тыс түрімен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған стационарлық медициналық көмек көрсетеді.
Бөлім 2 қабатқа орналасқан: 1-қабатта 14-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, 2-қабатта 14 жасқа дейінгі балалар орналастырылған.
Балалар мен жасөспірімдер ДОТС терапия қағидаларына сәйкес емнің толық курсын алады. Баланың өзге де аурулары болса, мамандар шақыру арқылы диагностикалық тексерудің қосымша әдістері жүргізіледі.
Туберкулезбен ауыратындарды кешенді емдеуде құнарлы тамақтану – емнің ең басты бөлігі болып табылады. Осыған байланысты бұл бөлімде сапалы табиғи азық-түліктерден дайындалған 6 реттік тамақтану ұйымдастырылған.
Бөлімде оқу үрдісін үзбей, оны жалғастыру мақсатында №3 мектептің филиалы жұмыс жасайды. Балалар екі тілде оқып, білім алады (мемлекеттік-және орыс тілдерінде), мектеп компьютерлік кабинеттермен жасақталған.